Логвиненко «Ротор» клубының ойыншысы атанды

31.01.2021, 18:39
«Ротор» сапында ойнайтын қазақстандық футболшылардың саны үшеуге жетті.
Логвиненко «Ротор» клубының ойыншысы атанды

Волгоградтық "Ротор" 32 жастағы қазақстандық қорғаушы Юрий Логвиненкомен келісімшартқа отырғанын жариялады.

"Ақтөбе" түлегінің мансабы жаттықтырушы Владимир Мұхановтың (2006-2012 жж.) басшылығымен өткен "алтын кезеңге" сәйкес келді, ол кезде команда үнемі Қазақстан чемпионатының үздік үштігіне енетін.

2016 жылы ол "Астанаға" ауысып, елордалық клубта 98 ойынға қатысты, 11 гол соқты. Еурокубокте 66 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Ол Қазақстан ұлттық құрамасындағы дебютін 2008 жылы 23 мамырда Ресей ұлттық құрамасына қарсы ойында жасады. Логвиненко ұлттық құрамада 51 матч өткізіп, 5 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×