«Бавария» футболшысына айыппұл салынып, жаттығудан шеттетілді

31.01.2021, 17:14
Қанша уақытқа шеттетілгені белгісіз.
«Бавария» футболшысына айыппұл салынып, жаттығудан шеттетілді

«Бавария» клубының бас директоры Карл-Хайнц Румменигге команданың жартылай қорғаушысы Корентин Толиссоның медициналық хаттаманы бұзғаны үшін жаттығудан шеттетіліп, айыппұл салынғанын айтты.

«Мен Бундеслига матчтарының коронавирусқа қатысты жағымсыз жағдайларға қарамастан өткізіліп жатқанына өте қуаныштымын. Себебі, ойыншылар, жаттықтырушылар мен менеджерлер медициналық хаттама ережелерін талапқа сай ұстанады. Корентин Толиссо бұл ережелерді бұзды, дегенмен біздің спорт және медициналық басшылық қажетті талаптарды үнемі еске салып отырады. Біз мұндай заң бұзушылықтарға жол бермейміз. Толиссоға үлкен айыппұл саламыз және бұл соманы қайырымдылыққа жұмсаймыз», - деді Румменигге клубтың баспасөз қызметіне берген сүхбатында.

Бұған дейін «Ювентустың» Толиссоға қызығушылық танытып отырғаны туралы хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×