«Қайсар» сапында тағы үш футболшы қаралымнан өтуде

31.01.2021, 16:58
Екі футболшы кезінде «Қайсар» сапында доп тепкен.
«Қайсар» сапында тағы үш футболшы қаралымнан өтуде

Сербиялық жартылай қорғаушы Вук Митошевич кеше "Қайсардың" таңғы жаттығуына келіп қосылды. 29 жастағы ойыншы "Қайсардың" жанкүйерлеріне етене таныс. 2015 жылы Вук Премьер-лигада "Қайсардың" намысын қорғаған еді.

Вуктың "Қайсарға" дейінгі соңғы клубы - сербиялық "Радник" командасы. Айта кетейік, Вук Митошевич әзірге қаралымда жүр.

"Қайсардың" түстен кейінгі жаттығуына ивуарлық футболшы Хуссоу Ландри келіп қосылды. Ландри Еуропада алғаш рет бағын сынап көруге бел байлап отыр. Осыған дейін өз елінде "Аси 'д Абенгуру" командасында доп тепкен. 20 жастағы жартылай қорғаушы әзірге қаралымда болмақ.

"Ордабасы" футбол клубының экс ойыншысы Ұлар Жақсыбаев "Қайсардың" Түркиядағы жиынына келіп қосылды. Айта кетейік, Ұлар 2016 жылы қызылордалық клуб сапында доп тепкен еді.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×