«Палмейрас» екінші рет Либертадорес кубогін жеңіп алды

31.01.2021, 09:48
Соңғы минуттар кубоктың тағдырын шешіп кетті.
«Палмейрас» екінші рет Либертадорес кубогін жеңіп алды

“Маракана” стадионында өткен Либертадорес кубогінің финалында қос бразилиялық клуб “Палмейрас” пен “Сантос” кездесіп, 1:0 есебімен “Палмейрас” басым түсті.

Футбол Меккесіндегі ойынның 90 минутында да есеп ашылмай, төреші қосқан 8 минут түгесер тұста “Палмейрас” ойыншысы Брено Энрике жеңісті голды соғып кетті. Осылайша сан-паулулықтар өз тарихындағы екінші Либертадорес Кубогіне ие болды. Осыған дейін 1999 жылы жеңімпаз атанған еді.

Сонымен қатар “Палмейрас” 4-11 ақпан аралығында өтетін клубтар арасындағы Әлем чемпионатына жолдама алды. Бразилиялықтар жартылай финалда “Тигрес” – “Ульсан” клубтарының жеңімпазымен бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×