Қазақстандағы трансфер топтамасы - 4

13.12.2013, 01:55
Қазақстандағы трансфер топтамасы - 4
загруженное  Ақтөбе командасының бұрынғы ойыншысы, чех футболшысы Лукаш  Байер кызылордалық «Кайсар» командасында сынақта болмақ. Байер бүгін қызылордалық ұжым сапына қосылып алғашқы оқу-жаттығу жиынын  өткізеді. 2012 жылы Лукаш Байер Ақтөбе командасында ойнаған. 24 рет жасыл  алаңға шығып 5 рет нысананы дәл көздеген. Футболшының қазіргі    клубы молдовалық «Милсами» командасы. Байердің өнер көрсеткен командалары  «Атлетик Слован», «Зноймо», «Ханака Славия», «Доста» және «Сигма». Сондай -  ақ  2008 жылы голландиялық «Хераклес» командасында 11 ойын өткізген. ########################################################################################### 450_5285b2df96db1 Павлодарлық Ертіс командасының  шабуылшысы Камолиддин Мурзоев келер жылы  Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын болды.  Өзбекстандық ойыншы Ертіс командасымен келісім-  шарт мерзімін созды.  Мурзоев керекулік ұжым қатарына 2013 жылы жазғы  трансферлік ауысым барысында келіп қосылған  болатын. Еншісінде 10 ойын 2 гол бар. Европа  Лигасының іріктеу ойынында Левски командасына гол  соққан.     ########################################################################################### img    Астана командасының қақпашысы сербиялық  Ненад Эрич жақын арада Қазақстан  азаматтығын алмақ.  31 жасар қақпашы 2010 жылы алматылық Қайрат  командасына ауысып келді. 2011 жылдан бері  Астана командасының сапында ойнап келеді.           ############################################################################################ malcev_0 Ақжайық командасының ойыншысы Алексей Мальцев қызылордалық «Кайсар»      командасында сынақта жүр. Ақжайық командасы келер жылы Бірінші Лигада өнер көрсетсе, Қайсар командасы Қазақстан  Премьер Лигасында ойнауға жолдама алған болатын.           ############################################################################################ 450_50ab322d03092  Босниялық қорғаушы Градимир Црногорац жуық арада  қазақстандық атанбақшы. Егер азаматтық алса, келер  жылы бұл ойыншыны Қайсар сапынан көріп қалуымыз  мүмкін.  Црногорац қазіргі кезде «Звезда» (Градачац)  командасының ойыншысы. Бір кездері бұл футболшы  Қайсар командасында ойнаған.       ########################################################################################### Tazhimbetov  «Кайрат» футбол клубы 28  жасар Дауренбек Тәжимбетовті  өз қатарына қоспақ. Владимир  Вайсс жаттықтырған команда  сапында сынақта жүрген  шабуылшыға қызылордалық  Қайсар командасы да  қызығушылық танытып отыр. 
############################################################################################
загруженное (1)
 Қарағандылық Шахтер сапында өнер көрсеткен 27 жасар жартылай қорғаушы Вадим  Боровский талдыөқорғандық  «Жетысу» командасымен қысқы оқу-жаттығу жиынына  аттанбақшы.
 Қарағандылық футбол мектебінің түлегі «Шахтёр» құрамында жүріп Қазақстан Премьер  Лигасында  55 ойын өткізіп, 2 гол авторы атанған. Өткен маусымда 10 рет жасыл алаңға  шығып, жалғыз голды өз еншісіне жазған.
########################################################################################### загруженное Ақжайық командасының 23 жасар қорғаушысы Бауыржан Омаров 15 желтоқсанда қостанайлық  Тобыл командасымен қысқы оқу-жаттығу жиынына аттанбақшы. Ақжайық футбол мектебінің түлегі  өткен маусымда ерекше ойынымен көзге түсіп, өз командасының негізгі ойыншысы атанған. Сондай-ақ Ақжайық командасынан Якуб Хлебоун павлодарлық Ертіске ауысып барса, Павел Черны  шымкенттік Ордабасы командасының ойыншысы атануға жақын.       ############################################################################################ img (1)  «Кайрат»  командасымен келісім-шарт мерзімі  аяқталған Қазбек Гетериев жаңа маусымда  Атырау командасының қатарын толықтыруы  мүмкін. Қазбек "Қайрат" командасында 19 рет жасыл алаңға шыққан.  Бір кездері Қазбек Гетериев мәскеулік  «Спартак-  Нальчик», «Жемчужина-Сочи», «Алания» командаларында да өнер көрсеткен.         ############################################################################################ img  «Кайрата» футбол клубының жұлдызына  баланған жас шабуылшы Рауан Сариев  алматылық командаға керексіз боп қалды.   Рауан «Оле Бразил Клаб» мектебінің  түлегі, «Атлетико Минейро» және  «Ботафого» футбол клубтарының жастар  құрамасында доп тепкен. Жаңа маусымда Рауан Сариевті талдықорғандық  "Жетісу" командасынан көріп қалуымыз әбден  мүмкін. Рауанның ағасы Саят Сариев  бүгінде  "Жетісу" командасының  белді ойыншыларының  бірі.   ############################################################################################   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×