ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ СПОРТ КАНАЛЫ АШЫЛМАҚ

21.05.2013, 19:07
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ СПОРТ КАНАЛЫ АШЫЛМАҚ
sportCпорттық кең форматты KAZSPORT телеарнасы өз жұмысын осы жылдың 1 маусымынан бастайды, деп хабарлайды Qazmedia.kz сайты. Алдын ала құлақтандырылып отырғандай, аталған телеарнаның арқасында отандық көрермендер барлық дерлік спорттық шараларды көре алатын болады. Ішкі біріншілік матчтары мен әртүрлі халықаралық турнирлері баса назарда болмақ. KAZSPORT журналистері жеңімпаздар мен жеңіліс тапқандардан сол мезетте сұхбат алуға, және де танымал спортшылардың қатысуымен сапалы сюжеттер жасауға уәде беріп отыр. Қазіргі таңда телеарна сайтында техникалық жұмыстар жүріп жатқан көрінеді. Алғашқы хабар тарату байқалымы 15 маусым күні орын алмақ.   Фараби Арыстанбек
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×