ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, ӨМІРІ ӨЛЕҢ ЫРЫСТЫ - "ОРТАЛЫҚ" СТАДИОН!

21.05.2013, 12:37
ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, ӨМІРІ ӨЛЕҢ ЫРЫСТЫ - "ОРТАЛЫҚ" СТАДИОН!
СтадионДәл осы стадионда «Астана арена» алаңы салынбай тұрып футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойындары өткен. Алматы қаласының бір ерекшелігі – жастардың, футболды сүйетін азаматтардың көптігінде. Ал неге «Қайрат» командасының ойындарына халық көп жиналмайды деген сауалға жауап та бар. Негізгі себеп «Қайрат» клубының тұрақсыз ойын көрсетуінде. Ия, ия дәл солай. Әйтпегенде 2012 жылы шымкенттік «Ордабасы» клубының алаңы еуро стандартқа сай келмей, Еуропа лигасының 2-ші және 3-ші айналымдағы ойындары дәл осы «қара шаңырақ» Алматының Орталық стадионында өткізген болатын. Алаңға жиналған халықты көрсеңіз ғой.стат 4 Құдды бір қазақстандық клуб чемпиондар Лигасының финалында ойнап жатқандай әсерде боласыз. Әйтпесе «Ордабасы» оңтүстік Шым қаланың клубы. Ал алаңда еліміздің жан-жағынан жиналған фанаттар бір мезетте бірігіп, бәрі бір ауыздан «Ор-да-ба-сы!» деп тоқсан минут бойы ұран салды. Оның алдында ғана Қазақстан құрамасы бауырлас Қырғыз елінен келген жігіттермен жодастық кездесу өткізген. Ол кезде де қарсыласының соншама әлжуаздығына қарамастан жанкүйерлер өте көп жиналды. 23000 мың ресми орындықтың бәрі толды. Шамамен 25000 мыңнан асты көрермендер қарасы. Ал осы тарихы бай Орталық стадион қашан салынып еді? Оның сәулетшілері кімдер болып еді? міне осы сауалдарға жауап іздеген едік.

Алматының Орталық стадионы — республикадағы ең ірі кешендердің бірі. Стадионның көлемі– 22 га. Сәулетшілері – А.Капанов пен А.Коссов. Бірінші кезекте – 30 мың орындық трибуна, жеңіл атлетикалық жолдар мен секторлары бар үлкен спорт аренасы 1958 жылдың тамыз айында іске қосылды. Ары қарай кіші спорт аренасы, жаттығатын жеңіл атлетикалық кешен, жүзу бассейні, қысқы жаттығатын манеж, гандбол, теннис, баскетбол, садақпен ату ойындарына арналған алаңдар салынды. Үлкен аренаның трибуна асты ғимаратында бокс, фехтование, үстел теннисіне арналған залдар, киім шешетін бөлме, тренерлердің бөлмелері, республикалық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің кабинеттері мен зертханалары, олимпиядаға дааярлау Орталығының жатақханасы орналасқан. Алматы қаласының Орталық стадионында футбол, жеңіл атлетика, шапшаң жүгіру, коньки тебу, шөп үстіндегі және доппен ойнайтын хоккей, волейбол, бокс және т.б. спорт түрлерінің барлық тарихи бүкілодақтық және халықаралық жарыстары өткізілген.

стат 3

Бұл орталық стадион ғана емес,сонымен қатар сол кездегі ең ірі сәулет құрылысы болып табылды.Мұнда тек аудан, қала көлеміндегі жарыстар мен қоса халықаралық,Орта Азия қарамағындағы ірі сайыстар мен жарыстар өткен, футболдан әлем чемпионаттары да осы алаңда өтеді. Ашылу уақытынан бері «Қайрат» клубының негізгі стадионы болып келген. 2011 жылы қазан айында Алматының орталық стадионына жүгіру жолы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа қабат төселді. Су жаңа жүгіру жолы Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі тұңғыш жеңіл атлетикалық манеж. Мұндай жеңіл атлетикалық жол әлемде тек Берлин мен Барселона қаласындағы футбол стадионында ғана бар. Алдағы уақытта Алматы осы жүгіру жолында жеңіл атлетикадан Азия кубогы мен ірі халықаралық турнирларды қабылдайтын болады.[2] Орналасқан жері Бостандық ауданындағы — Абай даңғылы, 48.

England's Cole hits a volley at goal during their World Cup 2010 qualifying soccer match against Kazakhstan in Almaty Руслан БАҚЫТЖАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×