«100 жылдыққа – 100 футболшы»: Вахид Масудов

21.05.2013, 16:50
«100 жылдыққа – 100 футболшы»: Вахид Масудов

масудовОл өткен ғасырдың 80-жылдарында керемет техникалық арсеналымен, алаңға жиналған жанкүйерлерді сүйсіндірмей қоймайтын. «Қайраттың» бетке ұстар ойыншыларының бірі, әрі капитаны болған футболшы –Вахид Масудов.

Вахи́д Юну́сович Масу́дов – 1959 жылы 10 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ата-анасы 1944 жылы Шешен-Ингуш АССР-нан Қазақстанға жер аударылған. Алдымен Қарағандыға кейін Жамбылға көшірі- леді. Содан осы Әулиеата жеріне келіп қоныстанады. Вахид отбасындағы үш баланың кенжесі.

Көшеде доп қуалап жүрген бала Вахид 11 жасында «балалар-жасөспірмдер спорт мектебіне» келіп, футбол секциясына жазылады. Бірақ, түрлі себептермен мектепке қабылдамай қояды. Кейіннен оқушылар арасындағы қалалық жарыста командасы сәтті өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орынға қол созады. Осы жарыста баланың талантын байқаған Александр Сергеевич Рекашов бапкер спорт мектебінен қабылдатады. Осы мектепте жүргенде Жамбылдың жасөпірімдер құрамасына қабылданып, «былғары доп» турнирінің финалдық бәсексіне қатысқан балалардың бірі.

Әкесі мен ақылдаса келе, футболсыз өмірін елестете алмайтынын айтып, кәсбіи түрде шұғылдануға шешім қабылдайды. Ал 1977 жылы жам- былдың «Химик» командасына қабылданады.

Келесі жылы бұрыңғы командаласы Христофор Каскинидидің ұсыны- сымен Өзбекстанның  «Хорезм» командасына ауысады. Бірақ, бір жылдан кейін елге қайта оралады. Себебі, әскер қатарына шақырылып, Қызылорданың «Орбита» командасында өз борышын өтейді.

Ал 80-жылдардың басында «Қайраттың» бас бапкері Игорь Волчок жас талантты ойыншыларды жинай бастады. Сондай Волчоктың көзі түскен талантты жастардың бірі осы Вахид болатын.

Алғашқы ойынын Тбилисидің «Динамосына» қарсы өткізді. Бас бапкердің тапсырмасы бойынша қарсыластың көшбасшы ойыншысы Манучар Мачаидзені жеке тұсап ұстау міндеті жүктеледі. Бірақ, бұл ойында алматылық команда 0:3 есебімен ойсырай ұтылады. Сонда да жас ойыншыға деген ешкімнің де аса қатты тағар айыбы болмады.

1980 жылдың екінші маусымынан бастап негізгі құрамнан мықтап орын алып, команданың капитаны әрі көшбасшы ойыншыла -рының бірі болды.

КСРО құрамасының бас бапкері Эдуард Малофеев 1985 жылы құраманың оқу-жаттығу жиындары шақырады. Бірақ, оқу-жаттығу жиындары кезінде Олег Блохинге қарсы абайсызда жарақат алып қалып, матчтарға қатыса алмады. Осы ауыр жарақаттан жарты жыл емделумен уақытын өткізді.

Келесі жылы «Қайрат» жаңа маусымды Леонид Остроушко бапкермен бастайды. Осы бапкердің келуімен алматылық клуб өз тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіші жетінші  қол жеткізеді. Осы жетістікке Вахидтің де қосқан үлесі ұшан теңіз.

«Қайраттың» сапында 1980-1989 жылдар аралығында барлығы 242 (25) ойын өткізді.

Әкесінің өтінішімен 1990 жылы тарихи отаны Шешенстанға ауысады. Жергілікті «Терек» командасында бір жылға жуық доп теуіп, 13 голдың авторы атанды.

Келесі жылы елге оралып тәуелсіз Қазақстанның төл чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

1992 жылы Қазақстанның ұлттық құрамасына шақыртылып, Орталық Азия Кубогына қатысты. Алғашқы ойындары  Түркіменстан құрамасына қарсы өткізді. Жалпы ұлттық құрама сапында 10 ойын өткізді.Қазақстан құрамасы сол жолы Кубокты жеңіп алған болатын. Азия Кубогына іріктеу раунды аясында 1996 жылы Катар құрамасына қарсы ойында команданы капитаны ретінде алаңға бастап шықты.

Ал 1993 жылы Сергей Климов, Асқар Қожабергенов, Сергей Пасько, Дмитрий Огай сияқты еліміздің танымал футболшыларымен бірге Германияның Оберлигасындағы «Пройзен-Хамель - 07» команадасынан шақырту алады. Немістердің тағы бір клубы «Геттин -ген-05» сапында да бір жыл ойнап қайтты.

Елге келген соң «Ақтөбеде», Семейдің «Елім-ай» сапында ойнаушы-бапкер болды. «Елім-аймен»  1995 жылы Қазақстан чемпионы атанғаны бар. Футболшы ретінде карьерасын аяқтаған соң, бапкерлікке қызметке біржолата бет бұрады.

Бапкер ретінде мына командаларда қызмет атқарды:

1996-1998 жылдар «Қайрат»/ЦСКА-«Қайрат»

1999-2000 жылдар «Тараз»

2000 жылы «Шахтёр-Испат-Кармет»

2001 жылы «Қайрат»

2001-2002 жылдары жылдар Қазақстан ұлттық құрамасы

2002 жылы «Восток-Алтын»

2003 жылы «Ақтобе-Ленто»

2004 жылы «Жетісу»

2005-2006 жылдар «Шахтер»

2006-2008 жылдар «Қайрат»

2009-2010 жылдар «Атырау»

2010-2011жылдар «Восток»

2012-2013 жылдар «Қайрат»

2013 жылы  «Ордабасы»

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионы: 1992, 1995 жылдары

Қазақстан Кубогының иегері: 1992 жыл

КСРО Федерециясы Кубогының иегері: 1988 жыл

Бек Төлеуов sport

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×