Қазақстандағы жазғы трансферлік терезенің мерзімі белгілі болды

28.05.2021, 03:35
Бұл жолы 28 күн бойы командалар жаңа ойыншыларды қатарларына қоса алады.
Қазақстандағы жазғы трансферлік терезенің мерзімі белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті жазғы трансфер кезеңінің мерзімін бекітті, деп хабарлайды ҚКФЛ ресми сайты.

ҚФФ Атқарушы комитетінің шешімімен екінші тіркеу трансферлік кезеңі 1 шілдеде басталып, 29 шілдеде аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы екінші тіркеу кезеңі 20 шілдеден бастап 2020 жылдың 9 тамызына дейін, яғни 21 күнге созылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×