«Интерді» тізгіндейтін бас бапкердің есімі белгілі болды

28.05.2021, 17:01
Индзаги «Лациоға» келісім-шартты ұзарту туралы уәде берген. Алайда, «Интердің» ұсынысы оны бұл ойынан айнытты.
«Интерді» тізгіндейтін бас бапкердің есімі белгілі болды

Симоне Индзаги "Интердің" жаңа бас бапкері атанады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо. Индзаги кеше "Лационың" келісім-шартты ұзарту туралы ұсынысынан бас тартты және ресми түрде қызметінен кетті.

Индзаги "Интермен" екі жылдық келісім-шарт жасаспақшы. Ресми ақпарат жақын арада шығатын болады. Клуб басшылығы бұл қызметке үміткерлер ретінде қарастырылған Маурицио Сарри, Паулу Фонсека, Синиша Михайлович және Сержиу Консейсау секілді бапкерлерден бас тартты.

Италия чемпионатының осы маусымында "Лацио" 68 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. 91 ұпай жинаған "Интер" Италия чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×