«Тараз» нигериялық футболшымен толықты

28.05.2021, 22:20
Футболшы жарақатынан айығу үстінде.
«Тараз» нигериялық футболшымен толықты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, нигериялық жартылай қорғаушы Бруно Айбе Бірінші лига клубында өнер көрсетеді.

ҚКФЛ-ның ресми сайтында көрсетілген "Тараздың" құрамына 26 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Бруно Айбе қосылды. Ойыншы "Тараз" сапында келесі маусымнан бастап ойнайды деп күтілуде. Бруно Айбе осы маусымды Бірінші лигада ойнайтын "Тараз-Қаратау" клубында өткізеді.

Алайда оның жамбылдық клубтағы дебюті қашан болатыны белгісіз. Ол командаға жарақатымен келді және қалпына келуді жалғастыруда. Соңғы рет жасыл алаңға екі жыл бұрын словениялық "Домжале" ойыншысы ретінде шыққан.

Айбе мансабын Уругвай чемпионатында бастады. Содан кейін ол израильдік "Хапоэль Аккоға" ауысты. 2019 жылдың ақпанында словениялық "Домжале" клубының ойыншысы атанды, бірақ онда тек екі матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×