Қазақстандық бапкердің командасы Литва Суперкубогінің финалында жеңіліс тапты

04.04.2021, 04:24
Жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталды.
Қазақстандық бапкердің командасы Литва Суперкубогінің финалында жеңіліс тапты

Қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтыратын "Жальгирис" футбол клубы Литва Суперкубогінің финалында "Панавежиске" есе жіберді. Матч 2:2 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында "Панавежис" командасы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Владимир Чебурин "Жальгиристе" қаңтарда "Ақтөбеге" ауысқан клубтың бұрынғы бас бапкері Алексей Баганың орнын басты.

Осылайша, қазақстандық маманның командасы маусым басында кубок жеңіп алу мүмкіндігін уысынан шығарып алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×