Рамазан Оразов: «Талғат Маруаұлы менен Асхат Тағыбергеннің алаңда өз жұмысын қалай орындайтынын бақылауымды сұрады»

04.04.2021, 04:02
Оразов Украинамен болған матчта ұлттық құрама сапындағы дебюттік ойынын өткізді.
Рамазан Оразов: «Талғат Маруаұлы менен Асхат Тағыбергеннің алаңда өз жұмысын қалай орындайтынын бақылауымды сұрады»

Қазақстан Ұлттық құрамасындағы алғашқы ойынын өткізген Рамазан Оразов 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Украинамен (1:1) өткен матч жайлы пікір білдірді:

– Ұлттық құрамада дебют жасағаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен абырой және мақтаныш. Бапкерлік құрамға сенім білдіргендері үшін алғыс білдіргім келеді. Матч туралы айтар болсам, Украина – өте сапалы ойыншылардан құралған жақсы қарсылас, ойын айтарлықтай қиын болды. Қорғанысқа көбірек мән беріп ойнадық, қарымта шабуылды жақсы пайдаланып, таразы басын теңестірдік. Барымызды салып осы есепті сақтап қалдық және жақсы нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын.

– Ойын алдында бас бапкер сізге не айтты?

– Матч басталмас бұрын Талғат Маруаұлы менен Асхат Тағыбергеннің алаңда өз жұмысын қалай орындайтынын бақылауымды сұрады. Және алаңға шыққанда оның орнын жоқтатпауым керектігін айтты

– Қарсылас команда жайлы не айтар едің?

– Шеберліктері жоғары команда. Ойыншыларының жартысы жақсы чемпионаттарда доп тебеді. Солардың ішінде мықты командада ойнайтын Украинаның капитаны Зинченконы атап өтер едім. 

- Командадағы атмосфера қандай болды?

- Өте жақсы, барлығы бір-бірін қолдайды. Тәжірибелі ойыншылар жастарға көмектеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×