Қазақстандық футболшы әзербайжандық клубқа ауысты

19.07.2022, 22:20
Футболшы «1+1» жүйесі бойынша келісім-шарт жасасты.
Қазақстандық футболшы әзербайжандық клубқа ауысты

Әзeрбайжандық «Сумгайыт» 26 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Рифат Нұрмұғаметпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Қазақстандық футболшы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылды және «1+1» жүйесі бойынша келісім-шарт жасасты.

Рифат Нұрмұғамет - «Қайраттың» түлегі. Ол алматылық клубтағы дебютін 2014 жылы «Қайсарға» қарсы ойында (1:0) өткізген. «Қайрат» сапында небәрі 7 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.

Нұрмұғамет «Жетісуға» екі рет жалға берілді. Талдықорғандық команда құрамында 35 кездесуге қатысып, 5 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды. 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін Рифат «Ақтөбенің» намысын қорғады.

Оның соңғы клубы «Мақтаарал» болды, ол осы жылдың наурыз айынан бері атакенттік клубта доп тепті. Премьер-лига дебютанты үшін 5 кездесу өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×