Қазақстанның маусым айындағы үздік ойыншысы анықталды

19.07.2022, 22:29
Бұл жолы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы үздік деп танылды.
Қазақстанның маусым айындағы үздік ойыншысы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымның үздік футболшысын анықтау мақсатымен ел біріншілігірдегі командаларының бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдағы Қазақстанның үздік футболшысы болып «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов атанды.

Маусым айындағы үш ойында оның командасы 9 ұпай жинаса, 22 жастағы футболшы 2 гол және 2 нәтижелі пас жасап, топ жарды. Эльхан сауаонама барысында 39 ұпай жинады.

Екінші орынға 32 ұпай жинаған «Ақтөбе» шабуылшысы Уго Видемон жайғасты. Француз футболшысы маусым айында «Астана» және «Атыраумен» болған екі матчқа қатысып, бір гол мен бір нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Үздік үштікті «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×