Қазақстанның маусым айындағы үздік бапкері белгілі болды

19.07.2022, 22:36
«Ақтөбенің» бас бапкері үздік деп танылды.
Қазақстанның маусым айындағы үздік бапкері белгілі болды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен айдың үздік бапкерін анықтау мақсатымен чемпионаттағы командалардың бапкерлері арасында сауалнама өткізді.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбенің» бас бапкері Андрей Карпович 7 дауыс жинап, үздік деп танылды.

Андрей Владимирович өткен айда «Ақтөбемен» екі ойын өткізіп, екуінде де жеңіске жетті («Астана» мен «Атырау»).

Қалған 7 бапкердің төртеуі өз дауысын «Ордабасы» командасының бас бапкері Александр Седневке берді. Беларусь бапкері де өз командасымен бірге маусым айындағы барлық ойырдарын жеңіспен аяқтады.

Үздік үштікті «Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×