Бірінші лига мен Премьер-лигадағы футбол клубтары барлық оқу-жаттығу жиынын Қазақстанда өткізуі мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Әлемдегі коронавирусқа пандемияға және алдағы маусымдағы қаржыландыру мәселесіне байланысты барлық қазақстандық командаларда оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін шетелге шыға алмау қаупі бар екендігі атап өтілді.
Командалар алғашқы ОЖЖ-ын өз алаңдарында өткізеді. Екінші және үшінші жиындар климаты ең жылы қалалар Алматы, Шымкент, Тараз және Ақтау қалаларында өтуі мүмкін.
Айтпақшы, "Тараз" алғашқы оқу-жаттығу жиынын өз жерлерінде өткізді, ал "Қызыл-Жар СК" жаңа маусымға дайындықты Петропавлда бастамақ.
Біздің серіктес: FONBET