Қазақстандық клубтардың Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

31.08.2020, 22:30
Үш команданың да келесі кезеңге өтетін мүмкіндіктері бар.
Қазақстандық клубтардың Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

Бүгін Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Екінші кезеңде Қазақстаннан үш команда өз бағын сынайтын болады: "Астана", "Қайрат" "Қайсар".

"Астана" өз алаңында Черногорияның "Будучность" командасымен кездесетін болады.

"Қайрат" сырт алаңда "Маккаби Хайфа"/"Железничар" жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Ал Қызылордалық "Қайсар" өз алаңында кипрлік АПОЭЛ клубымен кездеседі. "Қасқырлар" бұл матчты Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткізеді.

Айта кетейік, матчтар 17 қыркүйекке жоспарланған. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмаса, қосымша уақыт пен пенальти сериясын көретін боламыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×