Қазақстандық клубтардың Конференция лигасының үшінші айналымындағы қарсыластары анықталды

19.07.2021, 23:47
Отандық клубтар алдағы онкүндікте екінші айналымның ойындарын өткізеді.
Қазақстандық клубтардың Конференция лигасының үшінші айналымындағы қарсыластары анықталды

Конференция лигасының үшінші айналымына арналған жеребе нәтижелері белгілі болды. Бұл турнирге Қазақстанның атынан 3 команда қатысады - "Тобыл", "Астана" және "Шахтер".

"Тобыл" - "Хайдук" (Хорватия) жұбының жеңімпазы үшінші айналымда "Аполлон" (Кипр) - "Жилина" (Словакия) жұбында үздік шыққан командамен ойнайды.

"Астана" - "Арис" (Греция) жұбының жеңімпазы "KуПс" (Финляндия) - "Ворскла" (Украина) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

"Шахтер" - "Стяуа" (Румыния) жұбының жеңімпазы украиналық "Колоспен" кездеседі

Үшінші айналымның матчтары 5 және 12 тамызда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×