Юрий Захаркив «Жетісу» ойыншысы атанды

20.07.2021, 04:13
Соңғы төрт жылда он клубта ойнаған екен.
Юрий Захаркив «Жетісу» ойыншысы атанды

Талдықорғандық "Жетісу" 25 жастағы украиналық шабуылшы Юрий Захаркивпен келісім-шартқа отырғанын мәлімдеді. Ойыншы 11-нөмірмен ойнайтын.болады.

Юрий Захаркив - "Тернополь" клубының тәрбиеленушісі. 2017 жылдан 2021 жылға дейін ол он клубта ойнады: украиналық "Карпаты", "Тернополь", "Днепр-1", "Олимпик", "Львов", литвалық "Атлантас", словакиялық "Михаловце", "Требишов", тәжікстандық "Худжанд", латвиялық "Елгава".

Шабуылшы өзінің кәсіби мансабында 56 матч өткізіп, 10 гол соққан және 3 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×