УЕФА 2021/22 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчтардан кейін клубтар арасындағы рейтингті жаңартты.
"Астана" бір позицияға жоғарылады, яғни 63 орынға көтерілді. "Қайрат" бірден 50 сатыға жоғарылап, 139-орынға табан тіреді. "Тобыл" да өз позициясын жақсартып, 256-орынға жайғасты. Бірақ "Ордабасы", "Қайсар" және "Ертіс" клубтары аталмыш тізімде бір-екі позицияға төмендеді.
"Ақтөбе" рейтингтен түсіп қалды, өйткені команда соңғы бес жыл бойы еурокубок бәсекесіне қатысқан жоқ, дегенмен оның орнына "Шахтер" қосылды.
Жаңартылған рейтингтегі командалардың тізімі төмендегідей:
1. (1) "Бавария", (Мюнхен, Германия) - 116,000;
2. (3) "Манчестер Сити" (Манчестер, Англия) - 111000;
3. (9) "Ливерпуль" (Ливерпуль, Англия) - 105000;
4. (4) "Барселона" (Барселона, Испания) - 103,000;
5. (11) "Челси" (Лондон, Англия) - 102 000;
6. (2) "Реал Мадрид" (Испания) - 98000;
7. (8) ПСЖ (Париж, Франция) - 97000;
8. (7) "Манчестер Юнайтед" (Манчестер, Англия) - 91000;
9. (5) "Ювентус" (Турин, Италия) - 91000;
10. (6) "Атлетико Мадрид", (Испания) - 90 000;
45. (38) ЦСКА (Мәскеу, Ресей) - 33000;
63. (64) "Астана" - 20000;
139. (189) "Қайрат" - 7 500;
256 (310) "Тобыл" - 4000;
332. (309) "Ордабасы" - 2,750;
334. "Шахтер" - 1500;
335. (311) "Қайсар" - 1500;
336. (312) "Ертіс" - 1500.
* Жақшаның ішінде командалардың өткен жылғы рейтингтегі позициясы көрсетілген.
Біздің серіктес: FONBET