Қазақстандық командалар өз қарсыластарын білді

07.08.2015, 21:58
Қазақстандық командалар өз қарсыластарын білді

ИнфантиноБүгін Швейцарияның Ньеон қаласында Уефа штаб пәтерінде еурокубоктык додалардың жеребесі тартылды. Алдымен чемпиондар лигасының жұптары анықталды. Рейтингі төмен болып саналатын елордалық астана себеттен ең бірінші болып шықты. Және рейтингі жоғары болып саналатын бес команданың ішінен елордалық ұжымға кипрдің апоэльі түсті. "Апоэль" осыған дейін чемпиондар лигасының ширек финалына дейін жеткен болатын. 2011-12 жылғы маусымда кипрлік клубты Мадридтің Реалы екі ойын қорытындысы бойынша жеңіп өткен болатын. Биыл бұл команда екінші айналымда македонияның "Вардарын" және даниялық "Мюдтиландты" ұтқан еді. Әлемдік рейтингте "Апоэль" 62-команда болып тұр. Алғашқы матч Қазақстанда өтетіндігін де айта кетейк.

Ал Еуропа Лигасының жеребе тарту рәчсімінде алматылық "Қайрат" 3 себетте рейтингі төмендердің қатарында болды. Алматылық ұжымға францияның атақты командаларының бірі "Бордо" түсті. Өткен жылы "Бордо" өз чемпионатында 6-орыннан көрінген болатын. Биылғы маусымда Бордо" Еуропа лигасын 3-іріктеу кезеңінен бастаған еді. Онда "Бордо" кипрдің "АЕК" Ларнака командасын сенімді түрде жеңіп өтті. Әйгілі Зинедин Зидан өнер көрсеткен бордо 20 тамыз күні өз алаңында алматылық қайратты қабылдайтын болады. Францияның 6-дүркін чемпионын атақты қорғаушы Вилли Саньол баптайтынын айта кетейік.

"Бордо" - "Қайрат" "Бордоның" Еурокубоктерде жетістіріп жүргені шамалы. Оның үстіне команда әлі бабына ене қойған жоқ. Чемпионаттары енді басталмақ. "Қайратта" бір басымдылық тағы бар. Ол - алғашқы ойын сыртта. 10 адамнан тұратын үлкен автобус қойып, жатып алса, қалған проблеманы Алматыда шешуге болады. Былайша айтқанда, "Астанаға" қарағанда "Қайраттың" мүмкіндігі кішкене жоғарырақ дер едім. "Апоэль" 2011/12-де ширек финалда "Реалға" жеңіліп қалды. Осының өзі біраз әңгіме. Құрамында португал тілділер көп. Тәжірибие де баршылық. Демек, "Астана" да, "Қайрат" та, Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетсе тақиямызға тар келмес. Жайлап біртіндеп дамып келеміз деген сөз. Сонымен қатар, әгәрәки, "Астана" топтыққа өтсе (ЛЧ) 12 млн. еуро шотына түсе қалмақ. Ұтылып қалып Еуропа Лигасына түссе 2,4 млн. көлемінде сыйақы алмақ. "Қайратқа" да солай. Осы кезге дейін алматылық ұжым 630 мың еуро алып отыр. "Бордодан" өте алмаса тағы бір 230 мың еуро сап ете түседі. Ал "Ақтөбе" мен "Ордабасы" 200 мыңмен шектелген. Ал, "Астананың" өз алаңындағы ойынды Алматыда өткізетіндігі барып тұрған түсініспеушілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×