Қазақстандық қақпашы мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін

02.02.2021, 20:55
Қақпашы өткен маусымда Қырғызстан чемпионатында ойнаған еді.
Қазақстандық қақпашы мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық қақпашы Азамат Жомартов мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін.

25 жастағы футболшыға екі клуб - грекиялық "Левадиакос" пен қырғызстандық "Алай" қызығушылық танытты.

"Левадиакос" Грекияның екінші дивизионында өнер көрсетеді, турнирлік кестеде бірінші орынға жайғасқан. Жомартовтың ауысуына бірден-бір кедергі - виза мәселесі.

"Алайға" келетін болсақ, Қырғызстан чемпионатының жоғарғы лигасының клубы қазақстандық қақпашымен келісімшарт жасасуға дайын. Өткен маусымда Жомартов қырғызстандық "Қағанат" сапында өткізген дебюттік кездесудің өзінде-ақ үздік ойыншы атанған еді. Алайда, пандемияға байланысты клуб шетелден келген футболшылармен қоштасуға мәжбүр болды.

Жомартов Қырғызстаннан келгеннен кейін Бірінші лигада ойнаған "Арыс" клубына қосылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×