«Қызыл-Жар» екі ойыншымен толықты

02.02.2021, 20:05
Карпович қорғаныс шебін нығайтуда
«Қызыл-Жар» екі ойыншымен толықты

"Қызыл-Жар" 27 жастағы қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шмидтпен келісімшартқа отырғанын жариялады.

Өскемен футболының шәкірті Дмитрий Шмидт мансабын 2011 жылы "Востоктың" қосалқы командасында бастады. 2013 жылы ол "Восток" сапында Премьер-лигадағы дебютін жасады (2 матч).

Ол сондай-ақ Бірінші лигада "Алтай" командасында (26 матч, 2 гол), ал Премьер-лигада "Ақжайық" (28 матч, 1 гол), "Ертіс" (60 матч) және "Оқжетпес" (11 матч) командаларында ойнады. Жалпы Қазақстан премьер-лигасында 101 матч өткізіп, 1 гол соқты.

30 жастағы қазақстандық қорғаушы Руслан Есімов "Қызыл-Жар" командасымен келісімшартқа отырды.

Екібастұз футболының тәрбиеленушісі Руслан Есімов мансабын 2006 жылы "Батыр" клубында бастаған. Сонымен қатар ол "Энергетик-2" клубының резервтік командасында және "Каспий" сапында өнер көрсетті. 2015 жылдан 2020 жылға дейін павлодарлық "Ертіс" клубында доп тепті.

Өткен маусымда ол Бірінші лигада "Екібастұз" командасында 10 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×