Қазақстандық қорғаушы литвалық клубта дебют жасады

10.05.2022, 18:15
Команданы 56 жастағы қазақстандық маман жаттықтырады.
Қазақстандық қорғаушы литвалық клубта дебют жасады

Құрамында қазақстандық қорғаушы Дінмұхамед Қашкен өнер көрсететін «Жальгирис» Литва кубогінің 1/16 финалындағы ойында «Джюгасты» 3:1 есебімен ұтты.

22 жастағы Қашкен матчты қосалқы құрамда бастап, 81-минутта алаңға шықты. Бұл қазақстандық футболшы үшін «Жальгирис» жейдесіндегі дебюттік ойын болды.

Еске салайық, қазақстандық қорғаушы биылғы жылдың 6 наурызында еркін агент ретінде «Жальгириске» ауысқан болатын. Содан бері бес мәрте матчтың өтініміне енгенімен, алаңға шығудың сәті түспеді.

«Жальгиристі» қазақстандық бапкер Владимир Чебуриннің жаттықтыратынын айта кетейік. 56 жастағы маман Қашкеннің дебюті туралы мынадай пікір білдірді:

- Бұл жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін ойыншы. Сондықтан біз Қашкенді командаға шақырдық және оны болашаққа арналған ойыншы ретінде көреміз. Қазір ол бейімделу процессінен өтуде. Бірақ оның мұнда келгеніне көп уақыт болды, сондықтан мен оны ойынға шығарып, сынап көргім келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×