Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, жас қазақстандық шабуылшы Савелий Глазунов армениялық «Ван» клубында қаралымнан өтуде.
21 жастағы футболшы «Қайраттың» түлегі болып табылады, бірақ соңғы 2 жылда сербиялық «Инджия», белоруссиялық «Белшина» және алматылық «Жас Қыран» командаларында өнер көрсетті. Одан бөлек, «Ертіс» пен «Оңтүстік» академиясында доп тепті.
Бұған дейін «Ван» сапында «Қызыл-жардың» бұрынғы шабуылшы Эрнист Батырқанов ойнады. Бірақ көп ұзамай армениялық клубтан кетті.
Біздің серіктес: FONBET