«Барселонаның» он футболшысы коронавирус жұқтырды

31.12.2021, 00:26
Испанияда коронавирус белең алуда.
«Барселонаның» он футболшысы коронавирус жұқтырды

«Барселонаның» үш футболшысы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды каталониялық клубтың баспасөз қызметі.

Қорғаушы Серджино Дест, жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньо және шабуылшы Эзе Абденың вмрусқа қарсы тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті.

«Барселонада» 27 желтоқсаннан бері 10 футболшы короновирус жұқтырды. Бұған дейін Дани Алвес, Клеман Лангле, Жорди Альба, Алехандро Балде, Усман Дембеле, Самуэль Умтити және Гави командадан оқшауланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×