Қазақстандық төрешілер Конференция Лигасының ойынында қызмет атқарады

13.07.2021, 19:49
Матч 15 шілде күні өтеді.
Қазақстандық төрешілер Конференция Лигасының ойынында қызмет атқарады

УЕФА Конференция Лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі македониялық «Струга» мен латвиялық «Лиепая» командаларының қарымта ойынының төрешілері анықталды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Кездесудің бас төрешісі болып қазақстандық Артем Кучин тағайындалды. Оған қос қапталдан Евгений Бельский мен Айдын Тасыбаев көмектеседі. Төртінші төреші міндеті Болат Сариевке жүктелді.

«Струга» мен «Лиепая» ойыны 15 шілдеде Солтүстік Македония астанасы Скопьеде өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×