Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен айдың үздік бапкерін анықтау мақсатымен чемпионаттағы командалардың бапкерлері арасында сауалнама өткізді.
Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбенің» бас бапкері Андрей Карпович 7 дауыс жинап, үздік деп танылды.
Андрей Владимирович өткен айда «Ақтөбемен» екі ойын өткізіп, екуінде де жеңіске жетті («Астана» мен «Атырау»).
Қалған 7 бапкердің төртеуі өз дауысын «Ордабасы» командасының бас бапкері Александр Седневке берді. Беларусь бапкері де өз командасымен бірге маусым айындағы барлық ойырдарын жеңіспен аяқтады.
Үздік үштікті «Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович түйіндеді.
Біздің серіктес: FONBET