Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы тамыз айының үздік ойыншысын анықтау мақсатында ел біріншілігіндегі командалардың бапкерлері мен капитандары арасында дәстүрлі сауалнама ұйымдастырды.
Сауалнама қорытындысы бойынша тамыз айында «Тараз» ФК шабуылшысы Абылайхан Жұмабек еліміздің үздік ойыншысы атанды. 20 жастағы шабуылшы жаздың соңғы айында өткен төрт ойында 6 гол соқты. Жұмабектің еншісінде 40 ұпай бар.
Екінші орынға 4 ойында 4 гол соққан «Ақжайық» шабуылшысы Томa Табатадзе жайғасты (35 ұпай).
Үздік үштікті «Астананың» шабуылшысы Педро Эженио түйіндеді.
Біздің серіктес: FONBET