Қазақстанның тамыз айындағы үздік бапкері анықталды

08.09.2022, 16:43
Карпович шәкірттері бұл айдағы барлық ойында жеңіске жетті.
Қазақстанның тамыз айындағы үздік бапкері анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өткен айдың үздік бапкерін анықтау үшін ел біріншілігіндегі командаларлың бапкерлері арасында сауалнама өткізді.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша қазақстандық мамандар «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Андрей Карповичті үздік деп таныды. Андрей Владимирович бастаған «Ақтөбе» тамыз айында өткізген төрт ойынның барлығында жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастап келеді.


«Тараздың» бас бапкері Нұркен Мазбаев екінші орын алды. Нұркен Қалдыбекұлының шәкірттері тамыз айындағы бес кездесуде 2 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең ойнады. Жамбылдық клуб Қазақстан кубогінің 1/4 финалында «Шахтерді» жеңіп, жартылай финалға өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×