ҚФФ Бас хатшысы FIFA саммитіне қатысты

16.02.2017, 02:00
ҚФФ Бас хатшысы FIFA саммитіне қатысты
ҚФФ Бас хатшысы FIFA саммитіне қатысты Катар астанасы Дохада «FIFA Executive Football Summit» атты шара өтті. Екі күнге созылған FIFA саммиті 2017 жылдың 14-15 ақпан күндері өтті. Басқосуда «FIFA 2.0 – Болашақ бағдары» стратегиясы, «Forward» бағдарламасы, футболдан Әлем чемпионатын жаңа форматта өткізу және тағы басқа тақырыптар талқыланды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Саммит FIFA президенті Джанни Инфантиноның жетекшілігімен өтті. Қатысушылар FIFA аясында ұйымдастырылатын балалар және жасөспірімдер жарыстарын да талқылады. Дохада өткен шараға бірнеше елдің футбол федерацияларының өкілдері жиналды: Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Дания, Ирак, Йемен, Катар, Кипр, Қырғызстан, Литва, Намибия, Нигерия, Ресей, Судан, Сербия, Сирия, Тәжікстан, Танзания, Түркіменстан, Өзбекстан, Уганда, Украина, Швеция және басқалары. Қазақстаннан саммитке ҚФФ Бас хатшысы Қаныш Әубәкіров қатысты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×