ҚФФ президенті әділетсіз төрешілерді сотқа береді

20.02.2015, 22:09
ҚФФ президенті әділетсіз төрешілерді сотқа береді
Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Түркияға барған жұмыс сапарында Қазақстанның төрешілер корпусымен кездесті. Қазақстандық футболдың басшысы төрешілердің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді және әділ төрелік етпегені үшін олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. - Алдын-ала келісілген матчтар мен төрешілердің қызметі әлі күнге дейін өзекті мәселе, - дейді Ерлан Қожағапанов. – Бұл біздің футболдың сорлы тұсы, футболдың дамуы мен өркендеуіне кедергі келтіреді. Төрешілердің жұмысын өте мұқият қадағалайтын боламыз және олардың тарапынан жемқорлық әрекет анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Футбол федерациясы жаңа маусымнан бастап матч барысында туындаған даулы эпизодтардың сараптамасына бақылауды күшейтеді және еліміздің құқық қорғау органдарымен әріптестік нығайтады. - Біз отандық футболды толықтай жемқорлықтан тазартуымыз қажет. Кездесу тағдыры сыртта емес, футбол алаңында шешілуі тиіс, - деп атап өтті Қожағапанов. Сонымен қатар, кездесуде УЕФА аясында өтетін матчтарда қазақстандық төрешілердің жұмысы мен біліктілігін көтеру сұрақтары талқыланды. Қазақстан Футбол федерациясының төрешілік және бақылау департаментін италиялық маман, элиталық категориядағы төреші  Маттео Трефолони басқарады. Еске сала кетейік, Қазақстанның төрешілер корпусы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. ҚФФ баспасөз қызметі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×