Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов аймаққа жасаған сапарында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесті.
Кездесуде облыстағы футболды дамыту сұрақтары көтерілді, оның ішінде «Жетісу» футбол клубының қаржылық жағдайының мәселесі қозғалды. Кездесуде ойыншылар алдындағы қарыздарды жабу жөніндегі келісімге қол жетті. Осы келісімнен кейін талдықорғандық клубты Қазақстан чемпионатына қатыстыру туралы шешім қабылданды.
Айта кетейік, Қазақстандағы футбол маусымы 1 наурыз күні Қазақстан Суперкубогы үшін матчпен ашылады. Бұл ойында ел чемпионы «Астана» мен Кубок иегері «Қайрат» сынға түседі. Премьер-Лиганың алғашқы туры 7 наурызда өтеді.