ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің жаңа директоры белгілі болды

15.12.2020, 02:17
Бұған дейін бұл қызметті Қайрат Нұрдәулетов атқарған болатын.
ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің жаңа директоры белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясының штаб-пәтерінде Ұлттық командалар департаментінің жаңа директоры таныстырылды.

Жетекші қызметке беделді қазақстандық маман Игорь Авдеев шақырылды. Игорь Авдеев әр жылдары жамбылдық «Тараз», ақтаулық «Мұнайшы», қызылжарлық «Есіл-Богатырь», елордалық «Жеңіс» пен «Локомотив», қарағандылық «Шахтер», алматылық ЦСКА және «Қайрат», өскемендік «Восток» пен көкшетаулық «Оқжетпес» командаларында ойнады. Сонымен қатар, ресейлік «Ротор» (Волгоград), «Алания» (Владикавказ) және «Локомотив» (Нижний Новгород) командаларында доп тепті.

Қазақстан құрамасының намысын қорғап, 26 матч өткізді.

2013 жылдан 2018 жылға дейін Алматылық «Қайрат» жүйесінде жаттықтырушы болып жұмыс істеп, кейін «Тараз» футбол клубына бапкерлік қызметке ауысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×