Қостанайлықтар үздіктер қатарында

24.02.2015, 21:35
Қостанайлықтар үздіктер қатарында
Әр уақытта «Тобыл» үшін гол соққан жиырма футболшы Қазақстан біріншілігінің ТОП-100шабуылшыларының қатарына кіреді.
Премьер-лигадағы мерген футболшының титулы екінші жыл қатарынан Қостанай клубының капитанына тиесілі, Нұрболдың есебінде 157 соғылған гол, оның ішінде 146 ол «Тоболдың» жейдесін кие жүріп соққан. Жұмасқалиевтің жақын арадағы бәсекелесі кәзіргі ойнап жүрген футболшылардың бірі – Мұрат Тлешев, оның есебінде 147 соққан доп бар.
Нүркен Мазбаев чемпионатта 142 рет көзге түскен – бұл Қазақстандағы төртініш көрсеткіш. «Тобылда» ойнаған кезде 14 доп соққан. Жалпы тізімде алтыншы орын үшінші экс-қостанайлық Ұлықбек Бақаевта. Өзбек легионері біздің чемпионатта  111 гол соққан (әдемі сан, шын емес пе?), ол «Тоболдың» құрамында 71 рет қақпаны дәл нысанаға алған.
Жергілікті қостанайлықтар арасында бәрінен озған «Тобылдың» футбол орталығының бапкері Олег Малышев. Тәуелсіз Қазақстанның чемпионатында Олег 84 рет гол соғып, көзге түсті, 67 жағдайда бұл «Тобыл» үшін соғылған доптар. Басқа қостанайлық – Максим Низовцев, «Тобол» үшін көбірек соққан (70), ал чемпионатта калининградтың «Балтикасының» бапкері 7 допқа аз соққан (77).
Владимир Байрамов (20), Азат Нұғалиев (20) және Игорь Бугаев (19) соққан голдарының көбісін Қостанай клубында соққан. Мысалы, Байрамов пен Нұрғалиев тағы үш қазақстандық клубта ойнаған.
Константин Головской – бұл тізімдегі «Тобыл» үшін бір ғана гол соққан жалғыз футболшы. Ниязымбетов пен Агаев екі рет гол соққан, Струков пен Сүймағамбетов үш рет «Тобылдың» формасында гол соққан.
Төменде Қазақстан шабуылшыларының ТОП-100 кірген  экс-қостанайлықтардың тізімі көрсетілген. Бірінші цифры – футболшының қорытынды рейтингтегі жағдайы, жақшада «Тоболдың» формасында соққан голының саны көрсетілген :
1. Нұрбол Жұмасқалиев – 157 гол («Тобылда» 146 гол)
4. Нүркен Мазбаев – 142 (14)
6. Ұлұқбек Бақаев – 111 (71)
15. Олег Малышев – 84 (67)
19. Максим Низовцев – 77 (70)
23. Эдуард Глазунов – 71 (4)
33. Азамат Ниязымбетов – 60 (2)
35. Юрий Звонаренко – 58 (5)
40. Константин Котов – 56 (4)
46. Константин Головской – 51 (1)
49. Сергей Струков – 48 (3)
55. Сергей Остапенко – 47 (10)
56. Сергей Костюк – 47 (5)
63. Дидарқылыш Оразов – 42 (5)
66. Игорь Юрин – 42 (15)
72. Мүслім Агаев – 39 (2)
75. Мұрат Сүймағамбетов – 39 (3)
80. Азат Нұрғалиев – 38 (20)
84. Игорь Бугаев – 37 (19)
89. Владимир Байрамов – 34 (20).
Ең жақсылар жүздігінің қатарына жақын үміткер кәзіргі қостанайлық ойыншы Олег Недашковский болып табылады, оның активіне 26 қақпаны дәл көздеу тіркелген. ТОП-қа кіру үшін ол шамамен 7 доп соғуы керек.
 «Тобол» ФК баспасөз қызметі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×