ҚПЛ 3 тамызда бастала ма?

28.07.2020, 16:52
Ойыншыларға топтық жаттығу жасауға рұқсат берілді.
ҚПЛ 3 тамызда бастала ма?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин режимі 3 тамыздан бастап қалай жеңілдейтінін айтты.

Оның айтуынша, карантин режимінің жеңілдеуі коронавирус жұқтырғандар саны мен COVID-19-дан қайтыс болғандардың деңгейі төмендеген жағдайда орын алады

Мұндай жағдайда әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға, сондай-ақ, командалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға рұқсат беріледі. 

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы ҚР мәдениет және спорт министрлігімен ел біріншілігін 3 тамыз күні бастап кетуді келіскен болатын. Ойындардың барлығы бір локацияда өтуі мүмкін. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×