3 турдағы тартысты ойындарының бірі Орталық алаңда өтті. "Қайрат" командасы талдықорғандық «Жетісу» командасын сенімді түрде жеңді.
Ауа райының қолайсыздығы футболдың өтуіне еш кедергі болған жоқ. Жанкүйерлер де қолдау білдіріп, "Қайраттың" еркін көсілуіне себепкер боп отырды. Дегенмен, алаңда Исаэлдің жоқтығы қатты сезілді. «Жетісу» қорғаныста керемет өнер көрсетті. Тек қана қорғанысқа жатып алмай, қарымта шабуылға шығып қарсылас қақпасына қауіп төндірген. Әсіресе, жаңа шабуылшысы Джордже Деспотович ерекше көзге түсті. Бұған дейін жеңілмеген Асқар Қожабергеновтің командасы үшінші ойында жеңіліске ұшырап, өз қақпаларына екі гол өткізіп алды. Осы жеңісінен кейін "Қайрат" турнир кестесінде екінші орынын сақтап қалды. Ал Владимир Плотников қақпасына үш ойын бойы гол өткізбей келеді.
«Қайрат» — «Жетісу» — 2:0 (0:0)
Голдар: Қуантаев 59 (1:0), Гоу 90 + 2:0)
Сары қағаз алғандар: Байтана 50 — Деспотович 45, Цветкович 68, Азовский 71, Пасеченко 90 +
«Қайрат»: Плотников, Қуантаев, Рудосельский, Маркович, Плиев, Гурман, М. Бакаев, С. Риера (Ли 90+), Исламхан (Калинин 90+), Байтана (Дарабаев 75), Гоу
Қосалқы құрамда: Ткачук, Көкеев, Нұрмұхамет, Балтабаев
«Жетісу»: Пасеченко, Киров, Михайлов, Эргашев, Сағындықов, Р. Хайруллин, Цветкович, Шахметов (М. Азовский 70), Родионов (С. Сариев 76), Савич (Вичюс 82), Деспотович
Қосалқы құрамда: Шабанов, Ковалев, Әділханов, Тұрысбек
Төрешілер: Чесноков (Өскемен), Айжігітов (Қызылорда), Виноградов (Петропавл)
15 наурыз 2015 ж. Орталық стадион . Алматы. 6 500 жанкүйер.
«Астана Арена» алаңындағы ойын өзге ойындардан ерекше болды. Ойын басталысымен "Шахтер" шабуылға лап қойды. Ал алаң қожайындары қонақтардың қақпасын торуылдап әлек. Ойынның 3 - ші минутында Топчагич пен Эрич допқа таласамыз деп, соқытығысып қалды. "Астананың" негізі қақпашысы жарақат алып, алаңдағы орнын Логиновскиге босатты. "Шахтер" сапынан лимит Геворг Наджарян ерекше көзге түсті. 98 жылғы ойыншының алаңда өзін емін еркін ұстауы, пас алмасуы, соққы бағыттауы көптеген мамандардың көңілінен шықты. Алғашқы болып "Астана" сапынан Максимович есеп ашты. Бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші жеткен жас ойыншы осымен біріншіліктегі екінші голын соғып отыр. Топчагичтің де қарқыны жаман емес. Наджаряннан пас алған шабуылшы есепті теңестіріп, жаңа маусымдағы алғашқы голын осы аренада соқты. Ойынның екінші бөлігінде "Шахтер" қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, допқа көп иелік етті. Ал "Астана" асықпай жүріп екінші голын да салды. Тағы да сол Фокси стандартты жағдайды сәтті пайдаланып, командаласы Каньясқа тамаша пас шығарып берген. Ал колумбиялық футболшы баспен қақпаға гол енгізді. Әзірге, 3 ойында 3 гол соғып, сұрмергендер көшінде екінші келеді. Қос команданың футболшылары бүгін алаңда барын салды. Ең әдемі ойындардың бірі "Астана Арена" алаңында өтті. Чемпиондар ұпайдан шашау шығарған жоқ. Көш басында "Астана" 9 ұпаймен тұр.
«Астана» — «Шахтер» 2:1 (1:1)
Голдар: Максимович 31 (1:0), Топчагич 44 (1:1), Каньяс 76 (2:1)
Сары қағаз алғандар: Топчагич 4, Вошаглик 36
«Астана»: Эрич (Логиновский 6), Ахметов, Постников, Аничич, Бейсебеков, Джолчиев (Нөсербаев 59), Каньяс, Кетевоама (К), Твумаси (Қонысбаев 90+1), Жуков, Максимович.
Қосалқы құрам: Ларсен, Родионов, Жаңғылышбай, Пикалкин.
«Шахтер»: Заруцкий, Габышев, Дэвид, Джидич (К), Порываев, Покривач, Наджарян (Васильев 73), Петрацци, Вошаглик (Финонченко 65), Мұртазаев, Топчагич.
Қосалқы құрам: Шацкий, Азаматов, Карпович, Коструб, Өміртаев.
Төрешілер: И. Алешин (Павлодар), С. Ысқақов (Қостанай), Е. Попов (Өскемен)
Қосымша төрешілер: А. Вишниченко (Қостанай), Д. Тевяшов (Орал)
15 наурыз. Астана. «Астана Арена» алаңы. 3 500 жанкүйер.
Қызылордада жергілікті "Қайсар" командасы керекулік "Ертіс" командасымен кездесіп, тең тарқасты. Қос команда алма - кезек шабуылдаумен болды. Алаң иелерінің басымдығы байқалып тұрды. Елжас Алтынбеков, Сергей Струков және Эдин Юнузовичте тамаша гол соғатын мүмкіндіктер болған. Алайда, ойында нөлдік есеп тіркелді.
«Қайсар» — «Ертіс» 0:0
Сары қағаз алғандар: Алтынбеков 38, Димов 60, Балтаев 73 — Чернышов 16, Сартаков 80
Алаңнан қуылды: Чернышов 76 (Ертіс)
«Қайсар»: Прядкин, Кляйн (к), Балтаев, Ирисметов, Розыбакиев, Димов, Скорых, Цой (Вороговский 70), Мұжықов (Молдақараев 80), Струков, Алтынбеков (Юнузович 65).
Қосалқы құрам: Сейдахмет, Мулдаров, Шестаков.
«Ертіс»: Калмыков, Әлиев, Кислицын, Чернышов, Самсонов, Сымақов(К), Гетериев (Аяғанов 88), Изу Азука, Гатагов (Граф 79), Сартаков, Бансе.
Қосалқы құрам: Төлебаев, Седельников, Сүлей, Нұрғалиев, Ерсәлімов.
Төрешілер: А. Гаузер (Петропавл), А. Павлов (Алматы), М. Панин (Қостанай)
15 наурыз. Қызылорда. «Локомотив» стадионы. 3 000 жанкүйер.
Кумыков шәкірттері жарады. Екі ойын бойы жеңілмеген Атырауға екі гол соғып үйлеріне қайтарды. Бір қуантарлығы екі голдың да авторы қазақтың жігіттері. Бірі - Азат, екіншісі - Дәуренбек. Сенімді жеңіске қол жеткізген "Ордабасы" әзірге үздік үштікте.
«Ордабасы» — «Атырау» 2:0 (1:0)
Голдар: Нұрғалиев 38 (1:0), Тәжімбетов 74 (2:0)
Сары қағаз алғандар: Петров 23, Симчевич 58, Малый 81, Нұрғалиев 85
«Ордабасы»: Бойченко, Симчевич (Адырбеков 79), Мұхтаров (К), Абдулин, Сүйімбаев, Тұнғышбаев, Петров, Касьянов, Нұрғалиев, Гейнрих (Тәжімбетов 57), Божич (Малый 67).
Қосалқы құрам: Отарбаев, Бейсенов, Төлебек, Сариев.
«Атырау»: Байтеряков, Чичулин, Одибе, Григорьев, Кузьмин (Нұрыбеков 43), Диакате (Иванович 46, Эссаме(К), Әржанов (Трифунович), Байжанов, Чуреев, Маров.
Қосалқы құрам: Жомартов, Айтбаев, Қасымов, Тілешев.
Төрешілер: А. Әлиев (Алматы), С. Тергеусізов (Алматы), Н. Джаспенов (Алматы)
15 наурыз. Шымкент. Қажымұқан атындағы алаң. 3 000 жанкүйер.
Ойын тағдырын бір - ақ гол шешті. Польша біріншілігінде доп теуіп, еліне оралған Хижниченко ойынның 32 минутында есеп ашып, өз командасын жеңіске жетеледі. Тараз өз алаңдарында қонақтарды біраз састырды. Ақтөбенің бағы жанды ма, бабы келісті ма, әйтеуір, оларға сәттілік жолдас болды. Қонақта 3 ұпай еншілеген Ақтөбе турнир кестесінде 5 сатыға жайғасты.
«Тараз» — «Актобе» 0:1 (0:1)
Гол: Хижниченко 32
Сары қағаз алғандар: Сантана 40, Мирошниченко 55
«Тараз»: Григоренко, Аверченко, Мера, Воротников, Д. Евстигнеев (К), Досмағамбетов (Сергиенко 67), Башлай, Голич, Таубай, Мухутдинов (Жұмаханов 75), Пищур (Уббинк 58).
Қосалқы құрам: Қожамберді, Нұралы, Бауыржан, Бабаханов.
«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Жулпа, Мирошниченко, Неко (Дмитренко 90), Тағыберген, Логвиненко (К), Пиззелли (Коробкин 64), Сантана, Жалмұқан (Айымбетов 70), Хижниченко.
Қосалқы құрам: Бекбаев, Хайруллин, Шабалин, Сахибов.
Төрешілер: В. Антонов (Павлодар), А. Ходин (Атырау), С. Шәріпов (Атырау)
15 наурыз. Тараз. «Ұлан» стадионы. 2 000 жанкүйер.
Топ жарады деген "Тобыл" тоңқалаң асып жүр. Ал Қазақстан Премьер лигасына қайта оралған "Оқжетпестің" ойыны көпшілікті тәнті етуде. Мұханов баптайтын команданың қарқыны қатты. Ал Минасянға қостанайлық жанкүйерлердің өкпесі қара қазандай. Егер бұлай жалғаса берсе бапкерлік тізгінді босатуы бек мүмкін.
Алаң иелері қанша белсенді болса да, гол соғуға келгенде жолдары болмай - ақ қойды. Ал қонақтар ойынның екінші бөлігінде "Тобыл" ойыншыларын сан соқтырды. Беларусиялық "БАТЭ" командасының сапында жүріп Баварияға гол соққан Павлов ел біріншілігіндегі алғашқы голын қостанайлық "Тобылға" соқты. Ал екінші голды Волков өзінің бұрынғы командасына салып, көкшетаулық жанкүйерлерді қуанышқа бөледі.
«Тобыл» — «Оқжетпес» 0:2 (0:0)
Голдар: Павлов 59 (0:1), Волков 87 (0:2)
Сары қағаз алғандар: Кучера 22 — Чертов 32
«Тобыл»: Петухов, Кучера, Климавичус, Кургулин, Агайсин, Шливич (Мошников 71), Богданов, Жұмасқалиев (К) (Юрин 66), Шимкович, Красич (Калу 64), Бугаев.
Қосалқы құрам: Короткевич, Нұрғалиев, Аслан, Дели.
«Оқжетпес»: Цирин, Азовский, Марочкин, Хохлов, Волков, Павлов (Роткович 86), Дикьяра, Төлиев, Чижов, Бөлешев (К) (Нұржанов 90), Чертов.
Құсалқы құрам: Абжанов, Крюков, Куксин, Горячий, Нөкебай.
Төрешілер: Р. Дүзмәмбетов (Өскемен), Д. Будниченко (Екібастұз), Д. Советханұлы (Семей)
15 наурыз. Затобольск. «Затоболец» алаңы. 2 000 жанкүйер.
Турнир кестесі
Абылайхан ЖҰМАШ