Сергей Гридин Латвиядағы алғашқы голын салды

16.03.2015, 21:45
Сергей Гридин Латвиядағы алғашқы голын салды
Жақында ғана Латвия чемпионатына ауысқан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Гридин «Спартак» (Юрмала) сапындағы алғашқы голын соғып үлгерді. Латвия біріншілігінде «Гулбене» «Спартактан» 0:3 есебімен жеңіліп қалған. Сергей Гридин үш голдың біреуін өз атына жазды. Естеріңізге сала кетсек, 27 жастағы футболшының соңғы клубы шымкенттік «Ордабасы» болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×