ҚПЛ клубтары маусымға дайындығын жалғастыруда

08.02.2015, 01:11
ҚПЛ клубтары маусымға дайындығын жалғастыруда
Қазақстан біріншігінің басталуына аз уақыт қалды. Ал біреулері Түркияда, басқа бірі Араб әмірлігінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан еліміздің бірнеше клубтары жолдастық кездесулерін өткізді. Алдағы маусымға Араб Әмірлігінде  дайындалып жатқан алматылық «Қайрат» Оңтүстік Корея елінің клубы «Чонбук Моторс» клубынан оңбай ұтылды. Әрине, «Қайрат» та алаңға негізгі құрамын жібере салмаған еді. Мұны пайдаланған кореялықтар үзіліске дейін жауапсыз үш гол салып тастады. Екінші таймда Владимир Вайсс қолындағы «көзірлерін» алаңға жіберген. Алайда есеп өзгерген жоқ. «Қайраттың» негізгі құрамы мынадай: Плотников, Лунин, Гурман, Рудосельский, Таңірбергенов, Бакаев, Моро, Байтана, Исламхан, Көкеев, Сисей. Талдықорғандық «Жетісу» болса, венгриялық «Бекешчаба» клубымен күш сынасқан. Өкінішке қарай, Алматы облысының командасы 0:2 есебімен тізе бүкті. Өткен маусымда әупірімдеп жүріп Премьер-лигада қалған «Тараз» армениялық ұжым «Уллиспен» кездесті. Қос клуб та қанша тырысқанымен, бір-бірін жеңе алмады – 2:2. Қазақстандық команда сапынан Тимур Досмағамбетов пен Құрмет Қараман көзге түсті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×