"Тоттенхэм"-"Арсенал". Кездесу алдыңдағы шолу

07.02.2015, 21:50
"Тоттенхэм"-"Арсенал". Кездесу алдыңдағы шолу
Пиреней түбегінде бүгін мадридтік дерби болса, Ұлыбританияда лондондық дерби өтпек. "Тоттенхэм"-"Арсенал" кездесуі Ағылшын Премьер-Лигасының 24-ші турын бастап береді. Екеуі де Чемпиондар Лигасының орнына таласып жүр, екі ұжым арасы 2 ұпай. Дербиден қызықты, тартысты ойын күту үшін басқа не керек? Осы маусымда төрттікке таласар командалар саны көбеймесе, азайған жоқ. Алғашқы екі орынды "Челси" мен "Манчестер Сити" бере қоймас, ал қалған екі орынға көз салған командалар жеткілікті. Бүінде 3-ші орынға жайғасқан "Манчестер Юнайтед", "Саутгемптон", "Арсенал", "Тоттенхэм", жаңа жылдан кейін өз жолын тапқан "Ливерпуль". "Зеңбірекшілер" мен "шпорлар" арасындағы бұл ойын 3 ұпай емес, 6 ұпай үшін болмақ. "Тоттенхэм" 40 ұпаймен 6-шы орынға жайғасқан. 2015 жылы Почеттино командасы чемпионатта 4 ойын өткізіп, 3-еуінде басым түскен. Оның ішінде 1-ші қаңтардағы атақты "Челсиге" қарсы ойын да бар. Команданың ойын өрнегі де, нәтижесі де қуантарлықтай. Онымен қоса, жарақат алған футболшылар да жоқ. Бәрі сапта. Шабуыл өтінде "Арсенал" қақпасына басты қауіптілікті ұйымдастыру, бірін-бірі сөзсіз ұғысатын Эриксен мен Кейннің мойнында. Насер Шадли открывает счёт в матче Арсенал - Тоттенхэм 1:1   "Арсенал" 4-5 орындарды, үш ойын бұрын өздері есе жіберген "Саутгемптонмен" бөлісіп тұр. Бірақ, сол жеңілістен кейін Арсен Венгер шәкірттері қатарынан үш ойында жеңіске жетті. 10 гол салып, қақпаға гол өткізген жоқ. Ет үйренгендей команданың басты проблемасы-жарақат. Уэлшир, Артета және Санчес ойынға қатыса алмайды. Бірақ, Санчесті жарақатынан құлан-таза айығып қатарға оралған Уэлбек жоқтатпауы тиіс. Бірінші айналымда екі команда "Эмирейтс" стадионында 1:1 есебімен тең түскен болатын. Командалардың болжалды құрамдары: "Тоттенхэм": Льорис-Уолкер, Фазио, Вертонген, Роус-Бенталеб, Масон, Ламела, Дембеле, Эриксен-Кейн "Арсенал": Оспина-Монреаль, Косельни, Мертезакер, Беллерин-Кокелен, Рэмзи, Озил, Касорла, Уолкотт-Жиру   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×