ҚПЛ клубы легионерлерден құтылып, қазақстандық ойыншыларға сенім артпақшы

29.07.2020, 16:02
Команданы отандық жаттықтырушы баптайды.
ҚПЛ клубы легионерлерден құтылып, қазақстандық ойыншыларға сенім артпақшы

«Таразда» құрамды түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, қазақстандық Владимир Никитенко басқаратын жаттықтырушылар құрамы бірқатар шетелдіктерден арылуды және отандық футболшыларға сенім артуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін «Тараз» өзінің шәкірті Бауыржан Байтананы қайтарған болатын. ҚПЛ 3 тамызда қайта жалғасуы мүмкін, ал ойындар Алматы мен Талғарда өткізілуі керек. Үш турда «Тараз» төрт ұпай жинады және кестеде алтыншы орында. Никитенко командасы маусымды «Қайратқа» (1:2) қарсы матчпен бастады, бірақ содан кейін «Ордабасыны» (3:2) жеңіп, «Қайсармен» тең түсті (1:1).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×