Моратти: «Мессидің әкесі «Интер» кеңсесінің жанынан үй сатып алды»

29.07.2020, 16:09
Мессидің іс-әрекеттері оның «Интерге» ауысуын көрсетуде.
Моратти: «Мессидің әкесі «Интер» кеңсесінің жанынан үй сатып алды»

«Интер» клубының бұрынғы иесі және президенті Массимо Моратти «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессидің Италия клубына ауысу мүмкіндігі туралы ойымен бөлісті.

«Кейде армандар орындалады, әсіресе футболда. Мессидің әкесі «Интер» штаб-пәтерінен алыс емес жерден үй сатып алды. Бұл бір нәрсе білдіреді деп үміттенемін. Мүмкін ол келісімшартқа отыруы мүмкін», - деп Мораттидің сөзін келтірді La Gazzetta dello Sport.

Бұған дейін «Интер» иелері Мессидің жоғары жалақысынан қорықпайтыны туралы хабарланған болатын. Олар аргентиналыққа жылына 50 миллион еуро төлеуге дайын, өйткені оның ауысуынан өте көп пайда көреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×