ҚПЛ тағы да кейінге қалдырылуы мүмкін

29.07.2020, 18:08
Тағы да кейінге шегерілсе көптеген футболшылар клубтан кетуі мүмкін.
ҚПЛ тағы да кейінге қалдырылуы мүмкін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантинді екі аптаға - 17 тамызға дейін ұзартуды тапсырды.

Бұған дейін Қазақстан чемпионатының қайта басталуы 3 тамызға жоспарланған деп хабарланған болатын. Енді, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасынан кейін Премьер-Лиганың қайта басталуы тағы да кейінге қалдырылуы мүмкін.

«Шілдеде енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі жақсарту үшін және Қазақстан мен көршілес мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың ықтимал күрделенуін ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантиндік шараларды екі аптаға ұзартуды, содан кейін кезең-кезеңімен жеңілдетуді тапсырды», - деді Ақорда хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан бастап карантинді қалай жеңілдеткілері келетінін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×