ҚПЛ жүлдегері еуропалық қақпашыны қатарына қосуды жоспарлаған

19.01.2023, 16:53
ҚПЛ жүлдегері еуропалық қақпашыны қатарына қосуды жоспарлаған


Черногория қақпашысы Милош Драгоевич "Тобыл" сапын толықтыруы мүмкін.

Тренерлік штаб 33 жастағы қақпашыны бірінші нөмір етпекші.

Бұған дейін, "Тобыл" Мұхаммеджан Сейсенмен байланыс орнатқан. Алайда, қақпашы "Ақтөбеге" кетті.

Милоштың соңғы клубы "Будучность" екенін еске салайық. Футболшы "Пелистер", "Видзев" командаларында өнер көрсетіп үлгерген. 

2021 жылы Драгоевич Черногория сапындағы дебюттық ойынын өткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×