«Жальгирис» ҚПЛ ойыншысын қатарына қосты

19.01.2023, 03:13
«Жальгирис» ҚПЛ ойыншысын қатарына қосты


Литвалық "Жальгирис" француз Биллал Себаихимен келісімге келді.

Өткен жылы футболшы "Мақтааралда" ойнап, 5 гол мен 4 голдық пас берген болатын.

Себаихи Вильнюс қаласының ұжымына қосылған үшінші ойыншы. Бұған дейін, "Жальгириске" Юкиёси Карашима мен Паулюс Голубицкас келіп қосылған еді.

Еске салайық, литвалық команданы қазақстандық Владимир Чебурин жаттықтырады. Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қорғаушысы Дінмұхамед Көшкенде осы ұжымда жүргенің білесіздер.

"Жальгирис" өткен маусымда алтын дубль жасады. Олар Литва біріншілігі мен Кубогін жеңіп алды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×