Жарты миллиард теңге. ҚПЛ өнер көрсететін клуб қарыздарынан қалай құтылатыны белгілі болды

18.01.2023, 21:34
Жарты миллиард теңге. ҚПЛ өнер көрсететін клуб қарыздарынан қалай құтылатыны белгілі болды


Қарағандылық "Шахтер" футболшылары мен бапкерлері алдында 500 млн теңге қарыз.

Клуб бюджетке түскен ақшаларды қарыздан құтылуға жұмсамақ. 

"Шахтерге" облыс тарапынан 1,2 млрд теңге бөленеді. Осының 500 млн борышты өтеуге кетеді.

Одан тағысы, облыс әкімдігі екінші лигада өнер көрсететін кеншілердің жастар командасына 200 млн теңге бөледі.

Еске салайық, "Шахтер" ҚПЛ өткен маусымын 7 орында аяқтаған болатын. Командадан бас бапкер Вахид Масудов кетті. Оның орнын Игорь Солошенко басатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×