Қуана білу де өнер

14.08.2011, 06:12
Қуана білу де өнер
Атақты бразилиялық аяқдопшы Роналдиньо бiр сұхбатында «Футбол дегенiмiз – ол тұнып тұрған би» деген екен. Расында да, осы спорттың құдыретiне талай тәнтi болғанбыз. Әсiресе, Африкада өтетiн ойындарды тамашалайтын болсаңыз, осы футболмен қоса би деген өнерге қол соғып қана отырасыз. Әр гол соғылған сайын арты керемет биге ұласады. Iштей тек «тағы да гол соғылса екен» деп тiлейсiз. Кейде соққан голынан гөрi қуанышы мен тебiренiсi назарыңды өзiне бiрден аударады. Әншейiнде Еуропа клубтарында үндемей жүретiн камерундық Самуэль Это ұлттық құрамада гол соқса дөңгеленiп тұрып билейдi. Олар қуанышын биiмен жеткiзедi. Ал Исландиялықтар гол салған сәтте қалай қунатынын төмендегі видеодан тамашалай аласыздар: Сонымен қатар "бонус" ретінде көптеген  теңбіл доп шеберлерінің гол ұрғаннан кейінгі қуанышты сәттерінен үзінді ұсынамыз:
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×