Ертең футболдан Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі басталады

14.08.2011, 05:25
Ертең футболдан Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі басталады
Ертең футболдан Премьер-лига клубтарының арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі басталады. Жасыл алаңда матч өткізетін командалардың кестесіне назар салсақ. Алғашқы кезең қорытындысы бойынша турнир кестесінің бірінші сатысына орналасқан «Жетісу» өз алаңында «Ертісті» қабылдаса, елордалықтар кеншілермен 3 ұпайға талас жүргізеді. 23 турда «Ақтөбе» мен «Ордабасы» арасындағы ойын өте тартысты болатыны рас. «Тобыл» болса, «Востокпен» сынға түседі. «Қайраттың» ағылшын бапкері шәкірттерімен ежелгі Тараз жеріне қонаққа барып, жергілікті клубпен матч өткізсе, «Атырау» өз алаңында «Қайсарды» қабылдайды. 17:00 «Астана» — «Шахтер» 18:30 «Тараз» — «Қайрат» 19:00 «Жетісу» — «Ертіс» 19:00 «Тобыл» — «Восток» 20:00 «Ақтөбе» — «Ордабасы» 20:00 «Атырау» — «Қайсар» P.S.Әр кездесудің басталу мерзімі Астана уақыты бойынша берілген. Қазақстан ҰТА
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×