Ағылшын премьер лигасы басталды

14.08.2011, 04:28
Ағылшын премьер лигасы басталды
Футболдан ағылшын премьер лигасының алғашқы ойындары болып өтті. Маусым шымылдығын  "Ливерпуль" мен "Сандерленд" кездесуі ашты. Луис Суарес, Джордан Хендерсон,  Чарли Адам секілді жаңа ойыншыларын алаңға қосқан "Қызылдардың" өз алаңында "Сандерлендпен" тең түсуге ғана шамасы келді. Қолда бар пенальтиді пайдалана алмаған "Ливерпульдың" қарсылас қақпасына доп ұруға тағы да бірнеше мүмкіндіктері болды. Алайда оларға "Сандерленд" қақпасына бір гол салу ғана бұйырды. Ойынның 12 минутында Уругвайлық  Луис Суарес "Сандерленд" қақпашысынан айласын асырды. Алайда Себастьян Ларссон есепті теңестіріп, өз клубын жеңілістен құтқарып қалды. Осылайша "Қызылдар" жаңа маусымды тең нәтижемен бастады. "Ливерпуль"    1 - 1  "Сандерленд"

Голдар: 12' Луис Суарес 57' Себастьян Ларссон

Сары қағаз: 6' Кейран Ричардсон, 27' Ли Каттермол, 45' Джэйми Каррагер, 45' Фил Бардсли, 60' Джордан Хендерсон, 66' Чарли Адам, 72'  Дирк Кейт,78' Cебастьян Ларссон

Қалған ойын нәтижелері төмендегідей:

"Блэкберн"  1 - 2    "Вулверхэмптон"

"Фулхэм"     0 - 0    "Астон Вилла"

"Куинз Парк Р."  0 - 4    "Болтон"

"Уиган"    1 - 1   " Норвич"

"Ньюкасл" 0 - 0 "Арсенал"

Ал Тоттенхэм -  Эвертон кездесуі кейінге қалдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×